Сарапшы пікірі: Орталық Азия медиафорумының қазіргі уақытта өтуі аса маңызды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарапшы пікірі: Орталық Азия медиафорумының қазіргі уақытта өтуі аса маңызды

20.12.2022

Орталық Азия медиафорумының қазіргі уақытта өтуі аса маңызды. Бірегей алаң өңірлік және жаһандық серіктестік мүмкіндіктерін кеңейтеді. Бұл туралы шетелдік саясаткерлер мен журналистер пікір білдірді.

Намбарын Энхбаяр, Моңғолияның экс-президенті:
Қазақстанның Орталық Азияда ықпалы зор болса, Моңғолия Солтүстік-Шығыс Азия бөлігінде жоғары белсенділік танытып жатыр. Біздің елдер бір-бірінсіз өмір сүре алмайды. Қос елдің өзара қарым-қатынасы барлық салада одан әрі нығайып, тереңдей түсуі керек. Бұл екі жаққа да тиімді болады деп сенемін.
Лиз Уэлш, журналист:
Бүгінгі медиафорумнан алар тұстар өте көп. Мен жаңа ғана аяқталған бірінші талқылауға қатысып шықтым. Онда қазіргі заманда ақпарат қауіпсіздігі мәселесі жайы сөз болды. Жалпы жалған ақпаратпен қалай күресу керектігі, оның алдын алудың тиімді тәсілдері туралы кеңінен мағлұмат алып шықтым. Бұл ең алдымен, журналистика саласында жүрген жас мамандарға тың ақпарат болады деп ойлаймын.

Ламбриан

Хабарламаларға жазылу