Ауғанстанда былтыр билікке келген «Талибан» қозғалысы әйелдерін университеттерде оқуына тыйым салды. Мұны осы елдің білім министрлігі хабарлап отыр. Оның дерегінше, биліктің жаңа шешімі дереу күшіне енеді.
Тәліптердің тыйымынан кейін Біріккен Ұлттар Ұйымының Ауғанстан жөніндегі арнайы өкілі Роза Отынбаева мәлімдеме жасап, ауған әйелдері үшін жоғары оқу орындарының жабылуы «Талибанның» халықаралық қауымдастықпен қатынасын қиындататынын ескертті.
Арыстан Рысбек