Орталық Азия медиа форумы жалғасып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орталық Азия медиа форумы жалғасып жатыр

21.12.2022

Әлемдік медианың белді өкілдері бас қосқан Орталық Азия медиа форумы бүгін де жалғасып жатыр. Шараға қатысушылар арасында әлемге әйгілі жұлдыздар да бар. 

Серік Селеубайұлы, тілші:

Медиа форум қыза түсті. Сарапшылар өңірдегі ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелерін , Орталық Азиядағы медиа саласының түйіткілді тұстарын талқылап жатыр. Жасанды интеллект және ауқымды деректер панелдік сессиясында медиада инновациялық технологияларды қолдану жайы сөз болды. Ресейден келген ІТ маманы Алексей Дральдың сөзінше, жақын болашақта медиадағы кей мамандардың орнын машиналар алмастыруы мүмкін.

Алексей Драль, Ресейдегі Bigdata компаниясының директоры:

Технологияның дамуы бізге медиа саласындағы қарапайым тапсырмаларды машинаның көмегімен орындауға мүмкіндік береді. Мысалы, қолда бар ақпаратты өңдеп шағын текст жазу, немесе түсірілген видеоны өңдеу роботтың қолынан келеді. Алдағы 2-3 жылда бұл медиа салаға дендеп енеді деп ойлаймын.

Серік Селеубайұлы, тілші:

Дәл қазір бірнеше алаңда тақырыптық сессиялар өтіп жатыр. Жалпы бүгін форумда 7 тақырып бойынша талқылаулар өтпек. Оның ішінде «Медиа саласындағы әйелдер», «Медиа саласындағы білім беру қалай өзгеруі керек» сынды БАҚ саласындағы өзекті мәселелер талданады.

Форумға аты әлемге мәшһүр, айтары бар танымал тұлғалар қатысып жатыр. Жалпы саны 100-ден аса спикер сөз сөйлейді. Мәселен әйгілі америкалық New York Times-тың 4 мәрте бестселлер иегері, бүркітші қызымыз Айшолпан жайлы «Eagle Huntress» кітабының авторы Лиз Уелш келді. Пулитцер сыйлығының иегері Лю Хен Шинг бар. 


Хабарламаларға жазылу