Алматыда айыппұл төлеуден жалтарғандарға шара қолданылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда айыппұл төлеуден жалтарғандарға шара қолданылды

21.12.2022

Жолда заң бұзып, айыппұл төлеуден жалтарып жүргендерге тиісті шара қолданылып жатыр. Алматыда салынған айыппұлдарды өндіру мақсатында «Борышкер» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Оған прокуратура қызметкерлері мен сот орындаушылары тартылды. Жол полициясының автоэкипажы жұмылдырылды. Іс-шара борышкерлерді ерікті түрде анықтауға бағытталған, ол төрт күнге жалғасады. Бүгіннің өзінде 24 тәртіп бұзушының көлігі арнайы айыппұл тұрағына орналастырылды. Автокөлік айыппұл толық өтелген кезде иесіне қайтарылады.

Болатбек Баятанов, Қалалық полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары:

Негізгі мақсат - айыппұл төлеуден жалтарып жүрген жүргізушілер мен жеке куәлігінен айырылған жүргізушілерді анықтау. Алматы қаласы бойынша айыппұл төлеуден жалтарып жүрген 73 адам анықталды. Оның 24-інің автокөлігі арнайы тұраққа қаңтарылған.


Хабарламаларға жазылу