Ресей мен Беларусь бірлесіп, әскери жаттығу өткізіп жатыр. Айта кетсек, биыл ақпанда Украинаға шабуыл Беларусь жақтан да жасалды. Және де қазан айында Мәскеу Беларусь жеріне мыңдаған жауынгерін шоғырландырды. Сондықтан Минск ел қарулы күштерін Ресей армиясына көмекке жібереді деген қауіп бар.
Алайда президент Александр Лукашенко Украинаға әскер кіргізбейтінін мәлімдеп келеді. Бұған сенбеген Зеленский болса, елінің Ресеймен, Беларусьпен арадағы шекараларын қорғауды үнемі басты назарда ұстайтынын ескертіп, барлық сценарийлерге дайындалып жатқанын хабарлады.