Путин: Украинадағы трагедияға кінәлі емеспіз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Путин: Украинадағы трагедияға кінәлі емеспіз

22.12.2022

Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы трагедия үшінші елдердің саясатының нәтижесі деп мәлімдеді. Кремль басшысы мұны елдің қорғаныс министрлігі алқасының кеңейтілген отырысында айтты.

Оның сөзінше, «Ресей қашанда өркениетті әлемнің бір бөлшегі болуды қалайды. Алайда стратегиялық дұшпандар ғасырлар бойы мемлекетті бөлшектеуді көздеп келді»,-дейді ол. Бұған қоса, Путин НАТО-ның тәжірибесі мен тактикасын ел армиясының жауынгерлік қабілетін арттыруға пайдалануды әскери жетекшілерге тапсырды.

Кремль басшысы, сондай ақ Украинадағы «арнайы әскери операция» өз мақсатына экономикаға зиян келтірмей-ақ қол жеткізе алады дегенді айтты. Осы отырыста қорғаныс министрі Сергей Шойгу әскерге шақыру жасын кезең-кезеңімен 18-ден 21-ге, ал жас шектеуін 27-ден 30-ға дейін ұлғайтуды ұсынды.         


Хабарламаларға жазылу