Ресейде кедейлер саны күн санап артып барады. Тұрғындардың көпшілігінің тіпті киім сатып алуға шамасы жоқ.
Индира Бегайдар, тілші:
2022 жылдың бірінші тоқсанында кедейлік шегінен төмен өмір сүретін ресейліктер саны 2021 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 8 миллион адамға өсті. Осылайша бүгінгі күні елде кедей адам саны 21 млннан асқан. Салынған санкция бойынша әлемде бірінші орынға шыққан Ресейде экономика көз ілеспес жылдамдықпен құлдырап барады.
Мамандардың пікірінше, кедейшілік деңгейінде өмір сүретіндердің артуының басты себебі-инфляция. Ол 11 пайызға жетті. Үкімет қабылдаған дағдарысқа қарсы шаралар мен несиелік каникулдар өз нәтижесін бермеді. Экспорттық әлеуеттің төмендегенін ескерсек, келер жылы бұдан да ауыр болуы мүмкін. Бұл - сарапшылар пікірі.