Моноқалаларда жаңа жобалар жүзеге асады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Моноқалаларда жаңа жобалар жүзеге асады

23.12.2022

Моноқалалар біртіндеп дамып келеді. 1,5 млн-ға жуық халық тұратын 27 шағын қалада 32 кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Соңғы жеті жылда бұл шахарларда өндіріс көлемі біршама өсіп, ел экономикасындағы жалпы көрсеткіштің 30 пайызына жуықтаған.

Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында моноқалаларды дамыту жайы талқыланды. Өндірістік қалаларда соңғы жылдары 18 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылған. Олар негізінен тау-кен металлургия, химия өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы мен құрылыс, машина жасау салаларында.

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу