Алматыда қаңтар оқиғасының құрбандарына арналған «Тағзым» мемориалы ашылды. Республика алаңындағы нысанды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ашып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.
Мемлекет басшысы қаңтар қасіреті ел тарихындағы үлкен сынақ ретінде халқымыздың жадында сақталатынын айтты. Бұл оқиға бәріміз үшін сабақ болғанын атап өтті.
Кешен төрт бөліктен тұрады. Олар қазақ елінің сан ғасырлық қилы тағдыры мен қаңтар оқиғасын және халқымыздың жарқын болашаққа деген үмітін бейнелейді. Тас тұғырға ақын-жазушылар мен ғұламалардың елдік пен ерлік жайлы сөздері қашап жазылған.
Шерхан Мұртаза