Францияда мереке күндері пойыздар қозғалысы тежеледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Францияда мереке күндері пойыздар қозғалысы тежеледі

23.12.2022

Францияда темір жол қызметкерлері ереуілге шықты. Олар инфляцияның өсуіне қарсы. Мұндай наразылық акциялары Рождество мерекесі күндері де өтуі мүмкін.

Елдегі ұлттық темір жол компаниясы өкілдері сенбі- жексенбі күндері жүрдек пойыздардың 40 пайызы тоқтайды деп хабарлады. Теміржолшылардың шеруге шығуынан 800 мыңдай жолаушы жоспарлаған сапарына бара алмай қалуы мүмкін.

Бүгін де талай адам жолынан қалды. Мәселені шешу үшін Франция үкіметі темір жол компаниясымен және кәсіподақтармен келіссөз жүргізіп жатыр.

Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу