Астанада республикалық «Үздік ауыл әкімі» байқауының жеңімпазы анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада республикалық «Үздік ауыл әкімі» байқауының жеңімпазы анықталды

23.12.2022

Бүгін Астанада республикалық «Үздік ауыл әкімі» байқауының қорытындысы жарияланды. Жеңімпаздардың жобалары аймақтық, содан соң республикалық деңгейде жоғары бағаланып, лайықты баға алды. Ендігі мақсат қол жеткен жетістіктерді еселеп, ауыл тұрғындарының өмір сүру жағдайын жақсарту.

Байқау атқарушы орган өкілдері мен тұрғындар арасында байланысты нығайтып, жұмысты ширата түсу мақсатында өткізілді. Оған әр аймақтан 100-ге жуық ауыл әкімі қатысты. Әділ-қазылардың шешімі бойынша Түркістан облысы, Шардара ауданы, Жаушықұм ауылдық округінің әкімі үздік деп танылды.

Нұрбақыт Нұрсейітов, байқау жеңімпазы:

Менің жобам 12,190 гектар жерді суландыру жобасы. Бұл Ислам даму банкі арқылы жобаны қорғап, осы жобаны ауылдың халқына, игілігіне, табыс көзіне айналдыру мақсатында жобаны қорғап, жүзеге асырсақ деген мақсат болды. Ауылдық округтегі бірден-бір табыс көзі мал шаруашылығы, екінші ауылшаруашылық саласы.


Тұрғындар ауыл әкімін өздері сайлайды. Бұл атқарушы билік өкіліне тұрғындардың мәселесіне бұрынғыдан да көбірек дәрежеде ден қоюға мүмкіндік берді. Ұйымдастырушылар халықтың әкімге деген сенімін арттыру мақсатында осындай байқаулар жиі өтуі керек дейді.

Дархан Жазықбаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы:

Шалғай өңірлерді, өздеріңіз білесіздер, көп біле бермейміз, көре бермейміз, бара бермейміз деп сын пікірлер болып жатады. Сол себептен біздің негізгі мемлекеттік қызметшілеріміздің халықпен, елмен жұмыс жасайтын өкілдері сол жергілікті атқарушы жердегі осы біздің ауылдық әкімдер. 

Бұдан бөлек, ауыл әкімдері салық кодексі, бюджетті жоспарлау сынды тақырыптар аясында өткен тренингтерге қатысып, білімін шыңдады.

Ламбриан Топузидис

Хабарламаларға жазылу