Жамбыл облысында келесі жылы 13 жаңа спорт кешені пайдалануға беріледі. Дәл қазір облыста «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 18 спорт нысаны салынып жатыр. Олардың бесеуінде құрылыс жұмыстары осы жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс. Спорт басқармасының мәліметі бойынша, аймақта спортпен тұрақты түрде шұғылданатын 475 мыңға жуық тұрғын бар. Бұл шамамен облыс халқының 40 пайызы. Бүгінде Жамбыл облысында 3000-ға тарта спорт нысаны жұмыс істеп тұр. 2025 жылға дейін тағы 72 нысан салу жоспарланған. Тек биылдың өзінде спорт саласындағы жобаларға 2,7 миллиард теңге бөлінген. Мысалы, бір ғана Мойынқұм ауданындағы 3 ауылда заманауи сауықтыру кешені бой көтерді.
Тұрсынхан Жаманқұлов, Мойынқұм аудандық құрылыс бөлімінің басшысы:
Жалпы құрылыс бөлімі арқылы жүргізіліп жатқан сауықтыру кешендері бар. Ол Бірлік, Айдарлы және Шығанақ ауылдық округінде. Халық санына қарай ол жерлерде үлкен нысанда бүкіл ауылдағы жастарды қамтамасыз етуге мүмкіндік бар.