Испанияда жолаушылар автобусы көпірден құлап, 6 адам қаза тапты. Екі адам жараланған. Олар ауруханада жатыр. Автобус 40 метр биіктіктен өзенге қарай құлдилаған. Қазір оқиға орнында іздеу-құтқару жұмыстары аяқталды.
Апат неден болғаны әзірге белгісіз. Алдын-ала мәліметтерге сай, қайғылы жағдайға ауа-райының нашарлығы себеп болса керек.
Арай Төлеген
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Испанияда жолаушылар автобусы көпірден құлады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./news/169055/)