Қытайда коронавирус өршіді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда коронавирус өршіді

26.12.2022

Қытайда коронавирус жұқтырғандардың саны көбеймесе, азайған жоқ. Ел астанасы Бейжіңдегі ауруханаларда науқастарды қабылдайтын орын жетпей қалуы мүмкін деген үрей басым.

Ал Шанхайда Рождество мерекесінен кейінгі күндері 25 миллион тұрғынның жартысы вирусты жұқтыруы мүмкін. Дәрігерлерге күреске дайын болу қажеттігі ескертілді. Елдің денсаулық сақтау жүйесіне айтарлықтай ауыр салмақ түсіп отыр.

«Рейтердің» дерегінше, науқастанып жатқан немесе зейнетке шыққан дәрігерлер жұмысқа шақыру алған. Британиялық «Эйрфинити» компаниясының мәліметінше, соңғы аптада Қытайда ковидті күн сайын миллионнан астам адам жұқтырып, 5 мыңдай адам қайтыс болған.

Сония Жютар-Бурро, жеке клиника басшысы:

Жеке клиника ретінде біз науқастарды әркез қабылдаймыз. Дегенмен қабылдай алмайтын кезеңге жеттік. Төсек-орын жетіспейді. Әрі пациенттерді емдеуге қажетті ресустар да таусылды.

Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу