Қайрат Боранбаевқа тиесілі газ компанияның активтері бұғатталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады. Айта кетейік, «АзияГазЧунджа» серіктестігінің құрылтайшылары Қайрат Боранбаев пен Роман Нахановқа және «Qazaq Gaz» компаниясы басқарма төрағасының экс-орынбасары Таир Жанұзаққа қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды.
Олар газ сатып алу кезінде 14,5 млрд теңгені ұрлады деп айыпталып отыр. Бас прокуратура 23 желтоқсан күні істі сотқа жолдады. «Qazaq Gaz» компаниясына келген шығын толықтай өтелді. Айыпталушылардың 38 млрд теңге көлеміндегі қаражатына, 15 жылжымайтын мүлкі мен 3 автокөлік құралына бұғат қойылды.
Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:
Агенттік Қайрат Боранбаевқа және басқа адамдарға қатысты газ экспорты кезінде ұрлау және қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру фактілері бойынша бөлінген істер шеңберінде сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда.
Шерхан Жамбылұлы