Алматыда шахматтың жылдам және блиц түрінен Әлем чемпионаты өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда шахматтың жылдам және блиц түрінен Әлем чемпионаты өтіп жатыр

26.12.2022

Алматыда шахматтың жылдам және блиц түрінен Әлем чемпионаты өтіп жатыр. Әлемнің әр бұрышынан келген мықтылар шаршы тақта алдында шеберліктерін сынайды. Дүбірлі додаға 50 мемлекеттен 300-ге жуық ойыншы қатысуда. Олардың қатарында қазіргі әлем чемпиондары мен дүниежүзілік рейтингте көш бастап тұрған шахматшылар бар. Мәселен, жеңіске үміткерлер қатарында қазіргі әлем чемпионы, норвегиялық Магнус Карлсен, америкалық Хикара Накамура және Фабиана Каруана сияқты үздіктер де Алматыға келді. Ал, әйелдер турнирінде ел намысын блицтен қазіргі әлем чемпионы Бибісара Асаубаева, сондай-ақ Жансая Әбдімәлік және Динара Сәдуақасова сынды танымал шахмат шеберлері қорғайды. Магнус Карлсеннің пікірінше, соңғы жылдары бүкіл әлемде, сондай-ақ Қазақстанда зияткерлік ойынға деген қызығушылық артқан. Әлем чемпионы әсіресе жастардың көп екенін айтады. Айта кетейін, еліміз шахматқа ерекше көңіл бөлуде. Осы спорт түрінен «Мектептегі шахмат» ауқымды жобасын жүзеге асыру жоспарланып, Жол картасы әзірленді.

Магнус Карлсен, Шахматтан қазіргі әлем чемпионы:

Менде нақты белгіленген стратегия жоқ. Барлығы табан астында, шапшаң ойлану арқылы жүзеге асады. Мен шахмат туралы күнде ойланамын. Қалай ойнаймын, кіммен ойнаймын деп бас ауыртпаймын. Шахматтағы шеберлік туралы кәсіпқойлар бөлісетін жалпы кеңестер бар. Қазақ жерінде тартысты ойын болатынына сенімдімін.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу