Бизнес бастағысы келетін жастарға келесі жылы 23 миллиард теңге бөлінбек. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша бұл қаржыға 6 мыңға жуық жеңілдетілген несие беру көзделген. Кредит көлемі 5 миллион, мерзім 5 жыл. Ал жылдық мөлшерлеме небары 2,5 пайыз. Несие кәсіп ашқысы келетін 21 мен 35 жас аралығындағы қыз-жігіттерге конкурстық негізде келесі жылдан бастап берілмек. Жастарға арналған мұндай қолдау кәсіпкерлікті дамытуға арналған Ұлттық жоба аясында көрсетілмек.
Досжан Маратұлы