Алматы облысында Сенат сайлауына үгіт-насихат жұмыстары жүріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында Сенат сайлауына үгіт-насихат жұмыстары жүріп жатыр

28.12.2022

Сенат депутаттырының сайлауына Алматы облысынан 5 азамат кандидатурасын ұсынды. Бірақ, олардың екеуі белгіленген мерзімде тіркелу үшін қажетті құжаттарын толық тапсырмаған. Қалған 3 үміткердің декларациясын Мемлекеттік кірістер депаратменті тексеріп, талапқа сай екенін мәлімдеді.

Қазір олар үгіт-насихат жұмыстарына кіріскен. Аталған кезең 13 қаңтарға дейін жалғасады. Кандидаттардың екеуі – мемлекеттік қызметкер, ал біреуі – Парламент Сенатының депутаты. Барлығы Алматы облысының тумасы.

Мейрамгүл Айтова, Алматы облысы Аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы:

Мамандықтары бойынша екеуі заңгер, біреуі ауыл шаруашылық саласының қызметкері. Кандидаттардың орташа жасы 53 жасты құрап отыр. Сайлау туралы заңға сәйкес кандидаттарды тіркеу туралы мәліметтер БАҚ-та және Аумақтық сайлау комиссиясының интернет сайтында жарияланды. Барлық іс-шаралар Конституцияның сайлау туралы заңына және күнтізбелік жоспарға сәйкес өтуде.

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу