Қытайда әуе билеттері мен халықаралық турларға деген сұраныс күрт артты. Елде ковид індеті жалғасып жатса да, билік саяхаттауға салынған тыйымдарды жеңілдетіп отыр. Көші-қон қызметі шетелге шығу үшін төлқұжат алуға өтініш қабылдай бастамақ.
Халықаралық ұшақ рейстеріне қойылған шектеу де алынып тасталды. Билік апта басында қаңтардың 8-нен бастап елге сырттан келушілер карантинге алынбайтынын жариялаған еді. Бұған дейін Қытайда үш жыл бойы шекаралар жабық болып, тұрғындар локдаун жағдайында өмір сүріп келді.
Арай Төлеген