«Әр медициналық қызметкердің жұмыс барысындағы қандай да бір қателігін жұмыс орны, мекемесі сақтандыратын болады». Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Астанада өткен брифинг барысында осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, Мәжілісте қаралып жатқан заң жобасының негізгі мақсаты - медициналық қызметкерлердің жауапкершілігін сақтандыру.
Бұл оларды қандай да бір жауап пен жазадан арашалаудың амалы емес, керісінше жауапкершілігін көтеруге арналған ұсыныс, - деді бас дәрігер. Айта кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі жаңа заң жобасын ұсынған. Онда дәрігер абайсызда науқастың денсаулығына ауыр зиян келтірсе немесе науқас қайтыс болған жағдайда жазаны жеңілдету сұралған.
Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
Әрбір медициналық қызметкерге сол мекеме басшысы, мекеме жауап беретін болады. Біріншіден, екіншіден 2025 жылдан бастап бұл жауапкершілік екіге бөлінетін болады. Әрбір дәрігер мен орташа қызметкер өз жауапкершілігін сақтандыратын болады. 50 пайыз жұмыс беруші, 50 пайыз медицина қызметкерлері.
Азамат Бейбітұлы