Келер жылдан бастап жаңа ипотекалық бағдарлама пайда болады. Бұл туралы «Отбасы» банктің төрайымы Ләззат Ибрагимова хабарлады. Айтуынша, бағдарлама «Жасыл ипотека» деп аталады. Ол арқылы азаматтар «Жасыл стандарттар» бойынша салынған, энергия үнемдейтін тұрғын үй кешендерінен пәтер алу үшін несиеге өтініш бере алады. Алғашқы жарна 20%. Ал, несие мөлшерлемесі алғашқы он жыл 12,5% болады. Кейін 3,5%-5%-ға дейін төмендейді. «Жасыл ипотека» бойынша несиенің ең жоғары сомасы 35 млн теңге. Кредит тек жаңа баспана сатып алуға беріледі.
Досжан Маратұлы