Мәжіліс Елбасы туралы заңның күшiн жоюға қатысты құжатты қарайтын болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс Елбасы туралы заңның күшiн жоюға қатысты құжатты қарайтын болды

28.12.2022

Мәжіліс Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы заңның күшiн жоюға қатысты құжатты қарайтын болды. Бұл заң жобасы республикалық референдум қорытындылары бойынша Ата заңға енгізілген өзгерістерді іске асыру мақсатында әзірленіп отыр. Құжат қаңтарда Парламент палаталарының бірлескен отырысында қаралады. Бұл заң жойылса, Тұңғыш Президентке экс-президенттер туралы нормалар ғана қолданылады. Еске сала кетсек, жыл басында Сенат мемлекеттік бастамаларды Тұңғыш Президентпен келісу қажеттілігін жоюды ұсынған болатын. Сонымен қатар 2 ақпанда Парламент Елбасы туралы заңға түзетуді қабылдады. 

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:
Толық осы заң күшін жояды. Жоюға арналған заң жобасы біз қорытынды жасап, өзіміз жұмысқа алған заң жобасы. Соның ішіндегі барлық нормалар күшін жояды деген сөз.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу