Президент Конституциялық Сот Төрағасын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Конституциялық Сот Төрағасын қабылдады

29.12.2022

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа жылдан бастап іске кірісетін Конституциялық Сот төрағасы Эльвира Әзімованы қабылдады. Президент Конституция нормаларының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ететін жаңа орган құрудың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, Конституциялық Сот еліміздегі демократияның негізгі қағидаттарының орнығуына үлес қосып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға зор үлес қосатынына сенім білдірді.

Сәбит Әлдебай


Хабарламаларға жазылу