Ирандық шахматшы Сара Хадем елімізде өткен халықаралық турнирге хиджабсыз қатысқаны үшін әлемнің бұқаралық ақпарат құралдарының назарына ілікті. Бұл туралы Иранның ақпарат агенттіктері де жазып жатыр. Ал «Рейтердің» хабарлауынша, Сараның жарыс кезінде орамал тақпауы - Ислам республикасының әйелдердің киім үлгісін реттейтін заңдарын бұзуға жатады. Бұған дейін де ирандық бірнеше спортшы қыз шетелдегі жарыстарға хиджабсыз қатысқан. Олар осылайша полиция бөлімшесінде қаза тапқан 22 жастағы қыздың қазасына қарсылық білдірді. Марқұм Махса Амини қыркүйекте басына орамал тақпағаны үшін ұсталған. Оның қазасынан кейін елде үкіметке қарсы жаппай шерулер басталды.
Арай Төлегенқызы