БҚО-да шаруаның 300 га жері қайтарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да шаруаның 300 га жері қайтарылды

29.12.2022

Батыс Қазақстан облысында «Ұлттық арна» араласқан соң, шаруаға жері қайтарылып, мәселе оң шешімін тапты. Көктемде Жаңақала ауданының тұрғыны «Жалға алған жерімнің 300 гектарын бұрынғы аудан әкімінің баласы иемденіп кетті» деп шағымданған еді. Құжат бойынша шаруанікі, ал жер кадастрінде басқа қожалықтың аты жазылып тұрған. Екі тарап бірнеше рет соттасып, ақыры бейбіт келісімге келді. Шаруаның жері түгенделіп, құжаттары заңдастырылды.

Ағила Ақылбекова, шаруа қожалығының жетекшісі:

2022 жылдың көктем айында Ұлттық арнаға хабарласып, 300 га жерімді «Рашидов» шаруа қожалығынан ала алмай жүрмін, жерім көшіп кетті деген мәселемен хабарласқан едім. 2022 жылдың соңында менде жақсы жаңалық болып отыр. Осы жалға алған жерімді алып, өте қуанып тұрмын. Осыған атсалысқан «Qazaqstan» ұлттық арнасына үлкен алғысымды айтамын.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу