Қытайға тауар өткізу жұмыстары жеңілдейді. Осы мақсатта еліміздің шығыс шекарасында бірлескен зертхана салу жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында айтылды.
Қазір көрші елдің ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейтін 86 кәсіпорны Қазақстанмен әріптестік орнатуға келіскен. Әсіресе, астық және ет өнімдеріне қызығушылық жоғары.
Еліміздің кәсіпкерлері өздерінің сапалы тауарларын Қытай нарығына шығару үшін бұрын бірнеше тексерістен өтетін. Енді шекара аймағында арнайы зертхана салынады. Бұл жерде тексеруден өткен тауар Қытайдың кез келген ауданында еркін саудаланады.
Ғабит ҰЗАҚБАЙ