Астанада Қайрат Боранбаевқа қатысты сот отырысы басталды. Ол «АзияГазЧунджа» серіктестігіндегі қылмыстық эпизод бойынша өтіп жатыр.
Қаржылық мониторинг агенттігі компания құрылтайшылары Қайрат Боранбаев пен Роман Наханов және «Qazaq Gaz» төрағасының бұрынғы орынбасары Таир Жанұзаққа қатысты істі тергеуді аяқтаған.
Оларға 14,5 млрд теңгені ұрлады деген айып тағылып отыр. Қайрат Боранбаев квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаражат жымқырды деген күдікке ілінген соң, үстінен іс қозғалып, қамауға алынған.
Шерхан Жамбылұлы