Президент Ана мен бала орталығына барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Ана мен бала орталығына барды

30.12.2022

Мемлекет басшысы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына барды. Қасым-Жомарт Тоқаев әуелі мекемедегі Смарт сыныптың жұмысымен танысты. Бұл жерде ем алып жатқан балалар оқудан қол үзіп қалмауы үшін «Ақылды сынып» ұйымдастырылған.

Мұнда мектеп бағдарламасына сәйкес, математика, тарих және басқа да пәндер оқытылады. Сонымен қатар Президент республиканың әр өңірінен келіп, ем алып жатқан балалармен және олардың ата-аналарымен әңгімелесті. Мемлекет басшысы жеткіншектердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Балалар жылының аясында білім, денсаулық сақтау, спорт және басқа да салаларда жеткіншектерге көңіл бөлінгенін айтып, бұдан әрі де қолдау шаралары жалғасатынын жеткізді. Кездесу соңында Президент балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, барлығына сыйлық үлестірді. 

Хабарламаларға жазылу