Қытайдың коронавирусқа қатысты жариялаған мәліметі елдегі шынайы жағдайдан хабар бермейді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осылай деп мәлімдеді. Сонымен қатар ұйым өкілдері вирус жұқтырып ауруханаға түскендер мен қайтыс болғандардың саны ашық айтылмай жатыр деп ескертті.
Бейжіңді осыған қатысты мәліметтерді жылдам әрі тұрақты түрде беруге үндеді. Айта кетейік, бүгін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшылары ковидке қатысты әлемде қалыптасқан ахуалды талқылау брифингі аясында қытайлық ғалымдармен кездеседі.
Арай Төлеген