Ұлыбритания үкіметі электр энергиясы мен газды үнемдеуге шақырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбритания үкіметі электр энергиясы мен газды үнемдеуге шақырды

05.01.2023

Ұлыбритания үкіметі электр энергиясы мен газды үнемдеуге шақыра бастады. Телевизиялық роликтер жарықты сөндіріп жүруге, үй жылытатын қондырғының және кір жуғыш машинаның температурасын төмендетуге, жылуды сақтау үшін түнде перделерді жабуға үгіттейді.

Жарнамаға бюджеттен 18 млн стерлинг фунты бөлінген. Ал сыншылардың пікірінше, үнемдеу туралы кампания тым кеш басталды. Өйткені коммуналдық төлемдердің қымбаттауынан кедейшіліктің қамытын киген халық онсыз да шығынды азайтқан. Cалалық реттеушінің мәліметі бойынша, табиғи газ бен электр энергиясының ақысы 80 пайызға өскен.

Мұндай жағдай Украинадағы әскери қақтығыстың кесірінен пайда болды. Оған қоса Лондон 1 қаңтардан бастап Ресейден сұйытылған табиғи газ импорттауды толығымен тоқтатты. Осылайша Ұлыбритания ресейлік отынға тәуелділікті азайтуды көздеп отыр.

Марина Бекенова


Хабарламаларға жазылу