Ақтөбедегі сүт өңдеу цехына шикізат жетіспейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбедегі сүт өңдеу цехына шикізат жетіспейді

05.01.2023

Ақтөбедегі сүт өнімдерін шығарумен айналысатын кәсіпорынға шикізат жетіспейді. Сондықтан сүтті көрші облыстардан тасымалдауға мәжбүр.

Серіктестік қазір тәулігіне 50 тонна сүт өңдеп отыр. 40 түрлі өнім шығарылады. 150 адам еңбек ететін зауыт жуырда жаңа цехты іске қосуды жоспарлап отыр. Кәсіпорын жұмысымен танысуға әдейі келген сенатор Мұхтар Жұмағазиев жергілікті өнімнің санына ғана емес, сапасына да ерекше мән беру қажеттігін айтты.

Мұхтар Жұмағазиев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Осы Ақтөбе облысында шикізат жетпегесін көршілес Қостанай, Қызылорда облысынан тасымалдап отыр. Сондықтан менің ойымша, кооперативтер құрылып жатыр, халықты осыған жұмылдырып, өзі өндіріп отырған шикізатын осында әкеліп тапсырса, қуаттылығы өсіп, әрине, дүкен сөрелерінде өзіміздің Ақтөбе облысының өнімдері артары сөзсіз.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу