«Шардара» су қоймасы мерзімінен бұрын толып, көктемде апаттық жағдай болуы мүмкін. Себебі Сырдария өзенінің ағысы арта түскен. Қазір су қоймасына тәулігіне орташа есеппен 42 млн текше метр су келіп жатыр.
Мамандардың пікірінше, көктемгі жауын-шашында су тасқыны болу қаупі жоғары. Облыс әкімі осы мәселе бойынша тиісті сараптау жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Себебі еліміздегі ең үлкен су қоймасында апаттық жағдай болса, 34 мың халқы бар 22 елді мекенді су басу қаупі бар.
Сондықтан Экология және табиғи ресурстар министрлігіне хат жолданып, тиісті ұсыныстар жасалған. Сала мамандары су қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен апаттық жағдайдың алдын алу үшін Үкімет деңгейінде штаб құру керек деп санайды.
Махамбет Жақызбаев, «Қазгидромет» РМК облыстық филиал басшысы:
Былтырғы осы күнмен салыстырғанда, жүз пайыз артық болып отыр. Сондықтан қазір сол Қызылорда облысына қарай біртіндеп, су деңгейін тастауды көтеру керек сияқты.
Айнұр Ақбаева