Францияда кәсіпорындар түнде жұмыс істеуге көшті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Францияда кәсіпорындар түнде жұмыс істеуге көшті

06.01.2023

Франция кәсіпорындары тоқты үнемдеу үшін түнде жұмыс істеуге көшті. Себебі түнгі тариф күндізгіге қарағанда 15 пайызға арзан.

Алғашқылардың бірі болып осындай шешім қабылдаған Труа қаласындағы зауыт бір аптада электрэнергияға 9800 еуро үнемдеген. Өндіріс орны автокөліктердің дөңгелектеріне диск шығарады.

Энергетикалық дағдарыспен күресу үшін кәсіпорынның 240 қызметкері кешкі 21:00-ден таңғы 05:00-ке дейін жұмыс істеуге міндетті.

Юго Дюгре, зауыт директоры:

Электроэнергияға былтыр 4 млн еуро төледік. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 2,5 есеге қымбат. Биыл осылай түнгі тарифпен үнемдегеннің өзінде 7 млн еуро төлеуге тура келеді. Тоқтың құны аспандай беретін болса, зауыт жабылуы мүмкін.

Нұрсұлу Қасым

Хабарламаларға жазылу