Тараздағы жылу энерго орталығы жабдықтарының 80 пайызы тозған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тараздағы жылу энерго орталығы жабдықтарының 80 пайызы тозған

06.01.2023

Тараздағы жылу энерго орталығы жабдықтарының 80 пайызы тозған. Сондықтан бұл мекеме жаңа абоненттерді қабылдай алмайды. Қаладағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы кәсіпорындардың қазіргі жай-күйін Сенат депутаттары көрді. Бекболат Орынбеков пен Абдалы Нұралиев магистралды жылу құбырларының инженерлік жағдайын да бақылады. «ТаразЭнергоОрталығы» мекемесіндегі жабдықтар әбден ескірген. Бұдан бөлек Тараздағы екі негізгі жылу құбыры апатты деп танылған.

Абдалы Нұралиев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Тексерулерге байланысты жылу жүйесінің теплоэлектр станциялардың 80 пайызы ескіргені, оның жұмысқа жарамсыздығы туралы анықтамалар келіп түсіп жатыр. Сол себепті бізде өзіміздің сапарымызда, осы жылу жүйесіне байланысты бірқатар ақпараттар алдық, көрдік. Енді мәселені өзіміздің тарапымыздан Үкіметте, Парламент қабырғасында көтеретін боламыз.


Хабарламаларға жазылу