Ауыл партиясының орталық аппараты 2021-22 жылдары сайланған ауыл әкімдерімен онлайн кездесу өткізіп, өздері ұсынған кандидаттардың жұмысымен танысты. Ал, ауыл басшылары өзге өңірлердегі әріптестерімен тәжірибе алмасты. Бұл партия ұсынған 35 кандидат қазір әр аймақта ауыл әкімі болып жұмыс істеп жатыр. Олардың жұмысы ұйым тарапынан үнемі бақылауда болады, - дейді партия төрағасының бірінші орынбасары.
Төлеутай Рақымбеков, «Ауыл» ХДПП төрағасының бірінші орынбасары:
Біз шалғай жатқан ауылдарды, басқа ауылдардың барлығын оның ішінде егер де жаңағы ауылдарда біздің ұсынған кандидат әкім болып отырса, ол ауылға міндетті түрде барды. Сол жерде тұрған халықтардан тікелей сұрадық. Біздің кандидат қалай жұмыс істеп жатыр? Сіздер қандай баға бересіздер? Қанағаттандыра ма осы сіздердің әкімдеріңіздің жұмысы? Толығымен қолдап отыр.
Оңғар Алпысбайұлы