Украина мен Ресей арасында кезекті тұтқын алмасу өтті. BBC-дің дерегінше, екі тараптан 50 сарбаз жіберілген. Бұл мәліметті қос елдің өкілдері растады.
Ал Ресей қорғаныс министрлігі Краматорск қаласына жексенбіде жасалған шабуылдан 600 украиналық сарбаз қаза тапты деп мәлімдеді. Дегенмен бұл ақпаратты Украинада жүрген батыс бұқаралық ақпараты құралдарының тілшілері «бұған дәлел жоқ» деп жоққа шығарды. Киев те оны жалған деп мәлімдеді.
Тағы бір мәлімет. Украина президенті Владимир Зеленскийдің мәлімдеуінше, қиян-кескі ұрыс жүріп жатқан Бахмут пен Соледар қалаларына қосымша сарбаздар жіберілмек.
Владимир Зеленский, Украина президенті:
Бахмут ештеңеге қарамастан берілмей жатыр. Қаланың көп бөлігі ресейлік шабуылдардан кейін жермен-жексен болған. Әскерилеріміз Ресейдің тоқтаусыз шабуылдарына тойтарыс беріп жатыр. Соледарда да осыған ұқсас ахуал. Жағдай өте қиын.
Арай Төлеген