Ең төменгі жалақы 70 000 теңге болып белгіленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ең төменгі жалақы 70 000 теңге болып белгіленді

09.01.2023

Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларға берілетін азық-түлік пен тұрмыстық химия жиынтығы енді берілмейді. Бір жастан алты жасқа дейінгі балаларға арналған әлеуметтік қолдау пакетінің орнына қаржылай төлем жасалады.

Бұл өзгеріс ата-аналардан келіп түскен өтініштен кейін қабылданған. Әр балаға - 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 5174 теңге төленеді. Бұдан бұлай ата-аналар балалардың қажеттіліктеріне байланысты керек тауарларды өз бетінше сатып ала алады.

«Алтын алқасы» бар, «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендері табысталған аналардың жәрдемақысы да ұлғаяды. Оларға енді ай сайын 25 530 теңге төленеді.

Сондай-ақ елде айлық есептік көрсеткіш 1 қаңтардан бастап – 3 450 теңге деп есептеледі. Ал 40 567 теңге ең төменгі күнкөріс шегі деп бекітіледі. Ал ең төменгі жалақы 60 000-нан 70 000 теңгеге дейін өсті.

Данияр Асылбек



Хабарламаларға жазылу