Маңғыстауда радиациялық қалдықтар қоймасын залалсыздандыру жұмыстары тоқтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда радиациялық қалдықтар қоймасын залалсыздандыру жұмыстары тоқтады

09.01.2023

Маңғыстауда «Қошқар ата» радиациялық қалдықтар қоймасын залалсыздандыру жұмыстары тоқтап қалды. Өйткені 5 жыл бұрын жасалған жобалық сметалық құжатқа түзетулер енгізіліп жатыр. Жобаның құны -15,5 млрд теңге болған.

Бұл қаражат нарықтағы бағалармен салыстырғанда, рекультивация жұмыстарына жетпейді,-дейді мамандар. Ал түзетулерден кейін жобаның құны қымбаттауы ықтимал. Дүниежүзінде теңдесі жоқ радиоактивті қойманы залалсыздандыру жұмысы осыдан 2 жыл бұрын басталған. Содан бері 520 гектар жерге биіктігі 30 см –лік құм төселді.

Жалпы жобаға сәйкес, барлығы 4300 гектардай жер, 2025 жылға дейін топырақпен жабылуы тиіс еді.

Ербол Денов, облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы:

Біз енді қазір түзету жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Ол 2-4 ай жобасында дайындағаннан кейін республикалық бюджет комиссиясына ұсынатын боламыз. 

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу