Депозит бойынша мемлекеттік сыйақы алуға өтініш 10 ақпанға дейін қабылданады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Депозит бойынша мемлекеттік сыйақы алуға өтініш 10 ақпанға дейін қабылданады

10.01.2023

Депозит бойынша мемлекеттік сыйақы алуға өтініш беру 10 ақпанға дейін жалғасады.

Депозиттерге кепілдік беру қоры азаматтардан өтініш қабылдау мерзімі тағы ұзарғанын хабарлады. Банкте ақшасын теңгемен жинаған салымшылардың биыл 10% мемлекеттік сыйақы алуға мүмкіндігі бар. Мамандардың айтуынша, 303 млрд теңгеден аса қаржыға тұрғындардан өтініш қабылданған. Статистика бойынша елде 5 млн депозит иесі жинағының 10% мөлшерінде қосымша ақша алуға мүмкіндігі бар екен.

Өтінішті тек былтыр 23 ақпанға дейін депозит ашқан азаматтар бере алады. Жауаптылар мұндай өтемақы есепшотқа бір рет ғана аударылатынын ескертеді.

Хабарламаларға жазылу