Үкімет басшысы инвестициялық ахуалды жақсартуды тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет басшысы инвестициялық ахуалды жақсартуды тапсырды

12.01.2023

Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен экономикалық саясат жөніндегі кеңес өтіп, Үкіметтің инвестициялық блогының жұмысын күшейту жайы қаралды.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров жыл қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 15 трлн теңге болғанын мәлімдеді. Бұл – жоспардың 94%-ы.

Шикізаттық емес секторға салынған тікелей шетелдік инвестиция көлемі өсіп келеді. Инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында бірқатар кешенді шараны іске асыру ұсынылды. Премьер-Министр басымдық берілетін қызметтердің тізбесін мұқият пысықтап, жаңа ережелерді бекіту кезінде өңірлік ерекшеліктерді ескеру қажеттігін атап өтті.

Және республиканың инвестициялық ахуалын жақсарту жөнінде қосымша ұсыныстар әзірлеуді тапсырды. 

Серік Селеубай

Хабарламаларға жазылу