Кабулдегі жойқын жарылыстан кемінде 20 адам қаза тапқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кабулдегі жойқын жарылыстан кемінде 20 адам қаза тапқан

12.01.2023

Ауғанстан астанасы Кабулдегі сыртқы істер министрлігі ғимаратының жанында жойқын жарылыс болып, кемінде 20 адам қаза тапты. Италиялық гуманитарлық агенттік өкілдерінің айтуынша, 40 шақты тұрғын жараланған.

Көп кешікпей, шабуылды «Даиш» тобының осы елдегі бөлімшесі өз мойнына алды. Cоңғы мәліметке қарағанда, жанкешті мемлекеттік мекеме ішіне кіріп үлгермей, бомбаны іске қосқан.

Айта кетсек, бұл ауданда Түркия мен Қытайдың елшіліктері орналасқан. Және де оқиға қарсаңында қытайлық делегацияның аталған министрлікте тәліптермен келіссөз жүргізетіні белгілі болған.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу