Зейнетке шыққандарға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан берілетін төлемдер 5% ұлғайды. Мұндай өзгеріс 1 қаңтардан бастап Үкімет қаулысымен бекітілген Әдістемеге сай жүзеге асырылады.
Азаматтарға берілетін төлемдер былай есептеледі. Алғашқы жылы зейнетақы жинағының сомасы салымның 6,5% мөлшерлемесіне көбейтіліп, 12-ге бөлінеді. Ал І немесе ІІ топтағы мүгедектер, сондай-ақ зиянды және қауіпті өндірісте жұмыс істеген адамдар үшін ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшерін арттыратын түзету коэффициенттері көзделген.
Серік Селеубай