Кез келген компанияда қаржы пирамидасы белгілерінің бар-жоғын қазақстандықтар бірнеше минутта тексере алады. Қаржылық мониторинг агенттігі бұл мақсатта Telegram-бот әзірлеген.
Ол үшін азаматтар күмәнді компанияның сайтына кіруі керек. Немесе әлеуметтік желідегі парақшасының сілтемесін енгізуі қажет.
Егер компанияда қаржы пирамидасының белгілері болса және бұл сілтеме «Кибернадзор» жүйесінің көмегімен бұғатталған болса, пайдаланушыға бұл туралы дереу хабарланады. Ал егер компания инвестициялық нарықтың адал субъектілері болып табылса, тиісті жауап сәйкес анализден кейін жіберіледі.
Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:
Сонымен қатар сізге табыс ұсынатын компанияның БСН-і арқылы тексеруге болады. Іске қосудың бірінші кезеңінде Telegram мессенджерінде бір аккаунттан тәулігіне 5 реттен көп сұрау жіберу мүмкін емес. Қаржылық мониторингі агенттігі азаматтарды қырағы болуға және өз жинақтарын күмәнді қаржы ұйымдарына салмауға шақырады.
Серік Селеубай