Жамбыл облысында жұқпалы инфекциямен балалар жиі ауырып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында жұқпалы инфекциямен балалар жиі ауырып жатыр

12.01.2023

Жамбыл облысында тұмаумен ауырғандардың 60 пайызы - бала. Мамандардың айтуынша, сырқаттанғандардың көп болуына ауа райының күрт жылынып кетуі әсер етті.

Аймақта өткен жылдың қазан айынан бастап, желтоқсанның соңына дейін 41 072 адам вирустық инфекция жұқтырған. Оның ішінде зертханалық талдау нәтижесімен тұмаудың 66 түрі анықталған.

Сондай-ақ өзге де инфекциялардың 25 түрі тіркелген. Қазір облыс бойынша тұмау, өкпе қабынуымен ауыратын науқастарға стационарлық көмек көрсететін 11 инфекциялық бөлімше жұмыс істеп тұр. Өңірде тұмаудан адам өлімі тіркелген жоқ.

Нұрдос Болатұлы

Хабарламаларға жазылу