Банкрот деп танылуға көмектесетін пысықайлар пайда болған. Қаржы министрінің орынбасары Ержан Біржанов бүгін елордада өткен аталған заңды түсіндіру бойынша семинарда халыққа осындай алаяқтардан абай болу керегін ескертті. Оның айтуынша, олар халыққа несиенің белгілі бір процентін берсе банкрот деп танылуға көмектесем деп алдайды. Алайда бұл борышкердің қаржылық жағдайы мен төлем қабілетін бағалаған соң қабылданатын шешім. Ол үшін ешқандай ақы төлеудің қажеті жоқ.
Ержан Біржанов, ҚР Қаржы министрінің орынбасары:
Егер мұндай схемаларды біз әлеуметтік желі арқылы көретін болсақ құқық органдарына беру арқылы іс қозғауға дейін барамыз. Бұл заңды түрде қудаланады. Ал егер азаматтар өздерінің құқықтарын сақтағысы келсе ондай азаматтарға жолықпауы керек. Міндетті түрде өкілетті мемлекеттік органға жолығуы керек.
Серік Селеубай