Елімізде журналистердің мәртебесі артады. Халықаралық тәжірибелерді ескере отырып «Масс-медиа туралы» жаңа заң жобасы әзірленіп, ашық талқылауға ұсынылды. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі ведомствоның алқа отырысында айтты. Қазір медиа заңнаманы қайта қарау жұмыстары жүріп жатыр. Балаларға қатысты кибербуллингті реттеуде заңнамалық түзетулер енгізілді. Биыл елдің шекаралас аудандарында отандық радиохабарлармен қамту күшейтілмек. Отандық телеарналарда тарихи фильмдер мен сериалдар өндірісіне баса көңіл бөлу ісі жалғасады. Былтыр қазақ зиялыларының өмірі мен қызметі туралы 6 телехикая жарыққа шықты. Жалпы кез келген контент әлеуметтік сауалнама мен медиа және ғылыми зерттеулерге негізделуі тиіс, деді министр.
Дархан Қыдырәлі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:
1999 жылдан кейін заң жобасы қабылданбаған. Айта кетерлігі бір үш заң жобасын бірге жылжытып жатырмыз. Оның ішінде ақпаратқа қолжетімділікті жеңілдету де маңызды. Ол бұрынғыдай 7 күн емес. 5,3 күнде нақты жауап беруді талап етеді. Журналиске нақты жауап бермеген әкімшілік қызметкерлерін жауапқа тарту да қарастырылып отыр.