Төтенше жағдайлар кезінде 12 мыңнан астам адам құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Төтенше жағдайлар кезінде 12 мыңнан астам адам құтқарылды

13.01.2023

Былтыр төтенше жағдайдан 12 мыңнан астам адам құтқарылды. Жалпы өткен жыл сала мамандары үшін күрделі болды. Табиғи және техногендік сипаттағы 13 мың жағдай тіркелген. Дер кезінде қолға алған шаралар нәтижесінде қайтыс болғандардың саны 26 пайызға азайды, деді Юрий Ильин. Министрлікте кеңейтілген алқа отырысы өтті. Онда Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мәселелерді жүйелі шешуді талап ететін бірқатар бағыттарды белгіледі. Әрі алдын алу шараларын қабылдау үшін министрліктің үйлестіруші рөлін нығайту қажеттігі айтылды.  

Асима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу