Инватакси: Бұл пилоттық жоба келешекте тоқтатылуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Инватакси: Бұл пилоттық жоба келешекте тоқтатылуы мүмкін

13.01.2023

Шымкентте мүмкіндігі шектеулі азаматтар инватакси қызметінің тоқтайтынына риза болмай отырғанын бұған дейін хабарлаған едік. Жалпы бұл пилоттық жоба келешекте тоқтатылуы мүмкін бе? Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеноваға осы сұрақты қойған едік.

Министрдің сөзінше, мәселе әлі де терең зерттеледі. Әзірге ерекше қажеттілігі бар азаматтарға яндекс таксидің балама жобасы қызмет көрсетеді. Аптасына үш рет қана. Қызмет алушы азамат студент немесе оқушы болса тек оқуға, ал өзге кемтар жандар ем-шара қабылдауға немесе дәрі-дәрмек алуға пайдалана алады.

Тамара Дүйсенова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

Пилотты түрде азаматтардың өзінің пікіріне байланысты болғандықтан, қарастырып көріңіздер деп айттық. Егер де пилотты түрде жақсы бір нәтижеге алып келмесе, болмаса яндекс таксимен әрі қарай бастай береміз. Әр облыс мұны қарап көреді.

Сондай-ақ «Әйелдердің зейнет жасы әр бала туған сайын қысқаруы керек» деген мәжіліс депутаты Аманжан Жамаловтың ұсынысы қарастырылып жатыр. Тамара Дүйсенова ол бойынша комиссия тиісті жұмысты атқаруға кіріскенін айтты.

Мәселенің тағы бір тұсы бар, яғни әйелдердің зейнет жасы әр бала туған сайын қысқарса, олардың жинақтаушы зейнетақы қорында қаражаты, еңбек өтілі болмаса өте төмен зейнетақы алуы мүмкіндігін де ескеру керек,-деді министр.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу