Маңғыстау облысында контрафактілік өнім тәркіленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстау облысында контрафактілік өнім тәркіленді

14.01.2023

Маңғыстау облысында 31 мыңнан астам бөтелке контрафактілік алькогольдік өнім тәркіленді. Есепке алу мен бақылау таңбалары қолдан жасалған арақ-шараптар жедел-іздестіру кезінде Шетпе ауылындағы дүкеннен анықталған. Күдіктілер спирттік ішімдіктерді сату үшін сақтаған. Осы іске қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ал, өзге де мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмей отыр.

Хабарламаларға жазылу