Жамбыл облысында жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады

16.01.2023

Жамбыл облысында жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады. Куәгерлердің сөзінше, Тұрар Рысқұлов аудандық ауруханасынан Құлан ауылына шақыртуға бара жатқан жедел жәрдемнің алдынан жеңіл көлік жолды қиып шыққан. Көк тайғақта апаттың алдын аламын деген жүргізуші қарама қарсы бетке шығып, өзге көлікпен соқтығысады. Салдарынан санитарлық-медициналық көлік жол жиегіне аударылып қалған. Қазір жүргізушінің жағдайы ауыр. Бас сүйегі мен бет сүйегі сынған. Жансақтау бөлімінде жатыр. Ал фельдшер қыздың денсаулығы орташа, дейді дәрігерлер. Бүгінде ол көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс-қозғалып, кінәлілер анықталып жатыр.

.

Мейіржан Омаров, облыстық Денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы:

Санитарлық автокөліктің ішінде екі адам болған. Ішінде 2 адам болған. Жүргізуші және фельдшер. Бүгінгі таңда жүргізушінің жағдайы ауыр халде, бірақ санасы бар. КТ қорытындысына сәйкес бас сүйегі мен бет сүйегі сынғаны анықталды. Санитарлық авиация желісі арқылы нейрохирургпен консультация жүргізілді. Операцияны қажет етпейді. Фельдшердің жағдайы бүгінгі күнге орташа.

Нұрдос Болатұлы


Хабарламаларға жазылу